«Ливерпуль» сапында Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы Дэвид Джонсон қайтыс болды

«Ливерпуль» сапында Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы Дэвид Джонсон қайтыс болды

«Ливерпуль», «Эвертон» және «Ипсвич» клубтарының бұрынғы шабуылшысы Дэвид Джонсон 71 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «СЭ» сайтына сілтеме жасап.

Джонсон - бес дүркін Англия чемпионы, үш дүркін Чемпиондар лигасы кубогының иегері және екі дүркін Футбол лигасы кубогының иегері.

Ол карьерасында 321 матч өткізіп, 102 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Англия құрамасында 8 матчқа қатысып, 6 гол соққан. Джонсон 1980 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или