Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегі өтетін күнін білді

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камил Эстефан бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегінің өтетін күнін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ахмедов 17 желтоқсанда Қазақстанда жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы промоутер Твиттер парақшасында хабарлады. Қарсыласының есімі мен жекпе-жек өтетін қала әзірге белгісіз.
Садриддин 2021 жылдың 29 қаңтарында өткізген кейінгі жекпе-жегінде Нидерланды өкілі Стивен Даньоны төрешілердің шешімімен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или