Месси Аргентина құрамасының Сауд Арабиясына жеңілуіне қатысты пікір білдірді

Месси Аргентина құрамасының Сауд Арабиясына жеңілуіне қатысты пікір білдірді

Футболдан Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Қатардағы әлем чемпионатында Сауд Арабиясынан жеңілуі жөнінде кеңінен түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетсек, 22 қарашада өткен ойында Аргентина құрамасы Сауд Арабиясына 1:2 есебімен жол берді.

«Бұл барлығымыз үшін ауыр соққы болды. Жанкүйерлер үшін де, біз үшін де. Біз турнирдің бастауында мұндай сәтсіздікті күткен жоқпыз. Алға қойған мақсатымыз - жеңіске жету, үш ұпайды олжалау болатын. Ол жаныңа жайлылық береді. Мұндай жағдай ойлағандай бола бермейтіні тағы бар. Қарсыласымыз қалай ойнайтынын жақсы білдік. Асығыстық таныттық. Соның салдарынан ойын біздің ойлағанымыздай жүрген жоқ. Иә, голымызды ерте соға алдық. Есепке алынбаған голдарға қатысты бірнеше қауіпті сәттер болды. Сол сәтте біз мұндай гол соғатын мүмкіндік әлі де болады деген сенімде едік. Бұл жерде қателескенімізді түсіндік», - деді аргентиналық футболшы.

Леонель Месси одан кейін құрамада ойын барысы қалай өрбігеніне назар аударды.

«Одан кейінгі сәттерде асығыстық болды. Ойынымыз ойлағандай жүрген жоқ. Қапталды ұдайы ауыстырып тұруға мүмкіндік болмады. Негізінде ойын солай өрбуі тиіс еді. Арабиялық футболшылар қорғаныс шебінде жоғары деңгейде ойын көрсеткенін байқадық. Сондықтан допты алып жүру барысында жылдам болуға күш салдық. Дегенмен жүйелі түрде қимыл көрсете алған жоқпыз. Соның салдарынан бірнеше мәрте ойыннан тыс қалу тіркелді. Бұл сәттерде Сауд Арабиясының құрамасы жинақы қимылдады. Одан кейін біздің қақпамызға екі гол соғылды. Бұл біздің үмітімізді сейілтті де ол көптеген қателікке ұрындырды.

Біз Сауд Арабиясы допқа иелік ету жөнінен жақсы екенін аңғардық. Оларға допты алып жүру ұнайды. Сондықтан алға қарай ұмтыла түсіп жинақылық танытты. Осыған байланысты біздің қақпа маңында бірнеше мәрте ойыннан тыс қалып жатты. Бізге кедергі кездесті және ол біз күтпеген жағдай еді. Енді біздің бірлігімізді көрсететін сәт туды. Ойынға қайта ораламыз. 26 қарашадағы ойында Мексиканы жеңуге күш саламыз», - деді Леонель Месси.

Фото: almountakhab.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0