ФИФА Бельгия құрамасына «махаббат» деген жазуы бар жейдемен шығуға тыйым салды

ФИФА Бельгия құрамасына «махаббат» деген жазуы бар жейдемен шығуға тыйым салды

ФИФА Бельгия құрамасына сырт алаңдағы жейдесінің жағасына «Love» («Махаббат») деген жазумен шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Prosports.kz

Ақ түсті жейденің дизайны бельгиялық Tomorrowland музыка фестиваліндегі отшашуға ұқсатып жасалған, бұл әралуандық, теңдік пен инклюзивті білдіреді.

Сырт алаңдағы ойындарға арналған жейде қыркүйекте таныстырылып, бельгиялықтар Ұлттар лигасына киіп шыққан. 

Бельгия құрамасы Катардағы әлем чемпионатын 23 қарашада Канадаға қарсы матчпен бастайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0