Катардағы әлем чемпионатында алғаш рет тең есеп тіркелді

Футболдан 2022 жылдағы әлем чемпионатында алғаш рет тең есеп тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.
АҚШ пен Уэльс құрамалары арасындағы ойында жеңімпаз анықталмады. Бірінші таймда Тимоти Веа америкалықтарды алға шығарған. Бірақ 82-минутта Гарет Бэйл пенальтиден гол соғып, Уэльске бір ұпай сыйлады - 1:1.
Осы матчтан кейін АҚШ пен Уэльс В тобында 2-3-орындарды бөлісіп тұр. Англия үш ұпаймен көш басында, ал Иран соңғы орында келеді.
АҚШ енді келесі матчын 25 қарашада Англияға қарсы өткізеді. Сол күні Иран мен Уэльс күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или