Теннис

Өскеменде үстел теннисінен жастар арасындағы ел чемпионаты өтеді

Өскеменде үстел теннисінен жастар арасындағы ел чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

22 қарашада Өскемендегі үстел теннисі орталығында жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады.

Астана, Алматы, Шымкент, облыстарының құрамалары командалық және жекелей, жұптық және аралас сында бақ сынайды.

Турнирге еліміздің қазіргі жетекші спортшылары: Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Искендер Харки (Жамбыл облысы), Анель Бахыт (Шымкент), Санжар Жубанов (Алматы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Сагантай Курмамбаев (Өскемен), Александра Смирнова (Қарағанды), Ирисбек Артукметов (Шымкент), Арай Ашкеева (Қарағанды), Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент), Жанерке Кошкумбаева (Қарағанды), Темирлан Ким (Қарағанды), Гузель Торшаева (Алматы), Алиса Цвигун (Астана) және басқалар қатысады.

Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Алан Құрманғалиев (Қарағанды) жеке кесте бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына (Тунис, 4-11 желтоқсан аралығы) дайындалып жатқандықтан Өскеменге келмейді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер