Бірінші лиганың үздік жас ойыншысы анықталды

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лиганың үздік жас ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік жас футболшыны Бірінші лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары дауыс беру арқылы анықтады.
Сауалнама қорытындысы бойынша «Оқжетпес» жартылай қорғаушысы Нұрғайни Бөрібаев чемпионаттың үздік жас ойыншысы атанды. Ол 22 ұпай жинады. 20 жастағы футболшы Бірінші лигада 24 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.
Екінші орын «Қайсардың» 20 жастағы қорғаушысы Елисей Горшуновқа бұйырды, ол 16 ұпай жинады.
Үшінші орынға 19 ойында 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген «Жеңіс» ойыншысы, 16 жастағы шабуылшы Рауль Аллахвердыев жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или