ММА

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жанжалдан кейін спорттан кететінін мәлімдеді

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жанжалдан кейін спорттан кететінін мәлімдеді

Қазақстандық жекпе-жек Жалғас Жұмағұлов (14-8) төрешінің әділетсіз шешіміне эмоционалды жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Төбелесті бәрі көрді, не дейміз? Айтатын ештеңе жоқ. Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Мені қолдағандардың барлығына рахмет. Мен енді октогонға шыққым келмейді. Қанша тырысса да, төрешілердің менің пайдам шешім шығаратын түрі жоқ. Мен мұны эмоциямен айтып отырған жоқпын – солай. Маені қолдағандардың бәріне рахмет», - деді Жұмағұлов.

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов америкалық файтер Чарльз Джонсоннан (12-3) төрешілер шешімімен ұтылған болатын. ММА сарапшыларының көпшілігі төрешілер қазақстандықты тағы да «тонағанына» сенімді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0