Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Каспийдің» спорт директоры қызметіне келді

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы «Каспийдің» спорт директоры қызметіне келді

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Фархадбек Ирисметов «Каспийдің» спорт директоры қызметіне келді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

- «Каспий» футбол клубының спорт директоры болып 41 жасар Қазақстандық маман Фархадбек Ирисметов тағайындалды. Өзінің футболшы мансабында Ұлттық құрамада және де Қазақстандық командаларда, соның ішінде «Маңғыстау» командасында өнер көрсеткен, - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Фархадбек Ирисметов ойыншы мансабында Қазақстан құрамасының сапында 35 матч өткізген. Еліміздің бірқатар командаларында доп тепкен. Ал кейінгі қызметі - «Тұран» футбол клубында спорт директоры.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0