Кәшкеннің командасы Литва чемпионатында ірі есеппен жеңілді

Кәшкеннің командасы Литва чемпионатында ірі есеппен жеңілді

Литва чемпионатының 35-турында «Жальгирис» сырт алаңда «Шауляй» командасынан ірі есеппен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:0 есебімен аяқталды. 

«Жальгирис» сапында доп тебетін қорғаушы Дінмұхамед Кәшкен негізгі құрамда алаңға шығып, толық матч өткізді. Матчтың 27-минутында Кәшкен ереже бұзып, «Жальгирис» қақпасына пенальти белгіленді.

«Жальгирис» бұған дейін мерзімінен бұрын ел чемпионы атанған болатын.

Айта кетейік, «Жальгиристі» қазақстандық Владимир Чебурин жаттықтырады.

«Шауляй» (Шауляй, Литва) – «Жальгирис» (Вильнюс, Литва) – 3:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0