Маркус Тюрам Франция құрамасына шақырту алды

Маркус Тюрам Франция құрамасына шақырту алды

«Боруссия» Мёнхенгладбах шабуылшысы Маркус Тюрам Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын Франция құрамасына шақырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам шабуылшыны команда тізіміне қосу туралы шешім шығарды. Бұған дейін ұлттық құрама бапкері жариялаған тізімге 25 ойыншы ғана енген, негізі құрамаға 26 футболшы шақыруға болады.

25 жастағы Тюрам мансабында Франция құрамасы сапында небәрі төрт матч өткізген. Осы маусымда шабуылшы «Боруссия» сапында Бундеслигада және Германия кубогында 17 матчқа қатысып, 13 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.

Франция құрамасы Катарда Дания, Австралия және Тунис құрамасымен бір топта өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0