Асланбек Шымбергенов Қазақстан ерлер құрамасына екінші алтын медаль сыйлады

Асланбек Шымбергенов Қазақстан ерлер құрамасына екінші алтын медаль сыйлады

Бүгін Амманда бокстан Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

71 келіге дейінгі финалда Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов ринг қожайыны Зеяд Ишаишты жеңді.

29 жастағы Асланбек карьерасында алғаш рет Азия чемпионатының жүлдесін иеленді. Ол 2018 жылы Азияданың күміс жүлдегері атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или