Бірінші лиганың қазан айындағы үздік ойыншысы анықталды

Бірінші лиганың қазан айындағы үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Бірінші лиганың қазан айындағы үздік ойыншысын анықтады, деп жазады Prosports.kz.

Үздік футболшыны Бірінші лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары дауыс беріп анықтады.

Сауалнама қорытындысы бойынша қазан айының үздік ойыншысы атағы көкшетаулық «Оқжетпес» шабуылшысы Руслан Боловқа бұйырды. Ол қазанда өткен ойындарда бір гол соғып, екі нәтижелі пас авторы атанды. 

Сауалнамада екінші орынды Бауыржан Тұрысбек иеленді. «Жетісу» шабуылшысы қазан айында 4 гол соқты. «Тараз-Қаратау» жартылай қорғаушысы Арсен Әшірбек үздік үштікті түйіндеді.

Кім кімге дауыс берді:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0