Бокс

Азия чемпионаты. Ерлер құрамасынан тағы бес боксшымыз жартылай финалға шықты

Азия чемпионаты. Ерлер құрамасынан тағы бес боксшымыз жартылай финалға шықты

Иордания астанасы Амманда бокстан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны АсланбекШымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты. Ширек финалда Асланбек Үндістан өкілі Сачинді жеңді.

80 келі салмақта бақ сынаған қазақстандық боксшы НұрбекОралбай жартылай финалға жолдама алды. Ширек финалда ол Таиланд өкілі Жонгжохо Вирапонды жеңді.

СағындықТоғамбай 86 келі салмақ дәрежесінде тәжікстандық Навруз Жафоевтен басып түсіп, келесі айналымға өтті.

Үнді боксшысы Навин Кумарды жеңген Айбек Оралбай 92 келінің жартылай финалына жолдама алды.

Шаршы алаңға соңғы болып шыққан Қамшыбек Қоңқабаев 92 келіден жоғары салмақ дәрежесінде кореялық До Хен Кимді жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0