Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті

Бүгін Ньондағы Еуропа футбол одағының штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы мынадай болды:

«Айнтрахт» (GER) - «Наполи» (ITA)
«Боруссия» Дортмунд (GER) - «Челси» (ENG)
«Брюгге» (BEL) - «Бенфика» (POR)
«Интер» (ITA) - «Порту» (POR)
«Милан» (ITA) - «Тоттенхэм» (ENG)
«Лейпциг» (GER) - «Манчестер Сити» (ENG)
«Ливерпуль» (ENG) - «Реал Мадрид» (ESP)
«Пари Сен-Жермен» (FRA) - «Бавария» (GER)

Топта екінші орын алған командалар 1/8 финалдағы алғашқы ойынды өз алаңында өткізеді.

Айта кетейік, 1/8 кезеңнің алғашқы ойындары 14/15 және 21/22 ақпанда, ал қарымта ойындар 7/8 және 14/15 наурызда өтеді. Барлық ойындар Астана уақытымен 2:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0