Мухаммед Алидің немересі Ербосынұлының тез сауығып кетуін тіледі

Аты аңызға айналған боксшы Мухаммед Алидің немересі Нико Али Уолш қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының ауыр жарақат алғаны туралы хабарға пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.
Еске салайық, өткен демалыста Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы «тұрақты» чемпион атағы үшін өткен жекпе-жекте кубалық Давид Моррельден нокаутпен жеңіліп, кейін ауруханаға түскен болатын.
«Мұсылман бауырым Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз», - деп жазды Нико Twitter парақшасында.
Please send many prayers to my Muslim brother Aidos Yerbossynuly for a speedy recovery pic.twitter.com/s1EcJu59aD
— Nico Ali Walsh (@NicoAliX74) November 7, 2022
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или