Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы

Бүгін Ньондағы Еуропа футбол одағының штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рәсім Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Тікелей трансляцияны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Жеребе тарту рәсіміне 16 клуб қатысады: топ жеңімпаздары және екінші орын алатын командалар.
Топ жеңімпаздары (еленгендер)
«Бавария» (GER)
«Бенфика» (POR)
«Манчестер Сити» (ENG)
«Наполи» (ITA)
«Порту» (POR)
«Реал» (ESP)
«Тоттенхэм» (ENG)
«Челси» (ENG)
Екінші орын иегерлері (еленбегендер)
«Айнтрахт» (GER)
«Боруссия» Дортмунд (GER)
«Брюгге» (BEL)
«Интер» (ITA)
«Милан» (ITA)
«Лейпциг» (GER)
«Ливерпуль» (ENG)
«Пари Сен-Жермен» (FRA)
Бір ұлттық қауымдастықтың өкілдері 1/8 финала кездесе алмайды. Топтық кезеңде кездескен командалар да бұл кезеңде бір-бірімен ойнай алмайды.
Командалар әр матчты үйде және сырт алаңда өткізеді. Еленген командалар қарымта ойындарын өз алаңында өткізеді.
1/8 кезеңнің алғашқы ойындары 14/15 және 21/22 ақпанда, ал қарымта ойындар 7/8 және 14/15 наурызда өтеді. Барлық ойындар Астана уақытымен 2:00-де басталады.
Ширек финал, жартылай финал және финалдың жеребе тарту рәсімі 17 наурызда өтеді.
ФОТО uefa.com