Шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды

Шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды

Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар күміс және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Денис Никиша 500 м қашықтықта екінші орын алды. Ол 40 675 нәтижесін көрсетті.

Тағы бір қазақстандық Әділ Ғалиахметов 1000 метр қашықтықта үшінші орын иеленді. Ол 1,25:325 нәтижесін көрсетті.

Айта кетейік, былтыр Ғалиахметов Бейжіңде 1500 метрге жүгіруден «күміс» жеңіп алған болатын.

Әйелдер арасында 500 м және 1000 м қашықтықта медальдар жоқ.

Ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан төртінші орын алды. Әйелдер 6-орын иеленді.

ФОТО instagram.com/qaz.iceteam/

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или