Ел чемпионатының қорытындысы. «Астана» - чемпион, «Тұран» мен «Ақжайық» Бірінші лигаға түсті

Футболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Биыл елордалық ұжым тарихында жетінші мәрте чемпион атанды.
Соңғы турда «Астана» сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, екінші орындағы «Ақтөбені» жеткізбеді. Қола жүлде былтырғы чемпион «Тобылдың» қанжығасына байланды.
Ел біріншілігінің қорытындысы бойынша 28 ұпай жинаған «Тұран» мен 25 ұпайы бар «Ақжайық» турнир кестесінде соңғы орын алды. Келер маусымды қос команда Бірінші лигада бастайды.
Ел чемпионы атанған «Астана» футбол клубының шабуылшысы Педро Эуженио биыл маусымда 18 гол соғып, үздік сұрмерген атанды. Екінші орынға 15 мәрте көзге түскен Марин Томасов жайғасса, үштікті «Атыраудың» шабуылшысы Андрия Филипович түйіндеді.
Назарларыңызға соңғы тур матчтарының нәтижесін ұсынамыз:
«Ақжайық» (Орал) – «Тобол» (Қостанай) – 1:3 (0:1)
Голдар: Сергеев 9 (0:1), Дебле 48 (0:2), Дебле 70 (0:3), Коваленко 79 (1:3)
«Аксу» (Павлодар) – «Атырау» (Атырау) – 2:1 (1:0)
Голдар: Тұрлыбек 12 (пенальти - 1:0), Плетнев 65 (1:1), Ысмайылов 68 (2:1)
«Мактаарал» (Атакент ауылы) – «Ордабасы» (Шымкент) – 0:0
«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Қайрат» (Алматы) – 4:1 (3:1)
Голдар: Жоао Пауло 33 (0:1), Касым 41 (пенальти) – 1:1, Шина 45+2 (2:1), Шина 45+4 (3:1), Кенесов 69 (4:1)
«Тараз» (Тараз) – «Тұран» (Түркістан) – 2:3 (0:1)
Голдар: Таипов 22 (0:1), Дегтярев 49 (1:1), Таипов 52 (1:2), Шахметов 70 (автогол – 1:3), Дегтярев 90+4 (2:3)
«Шахтер» (Қарағанды) – «Астана» (Астана) – 2:3 (1:2)
Голдар: Педро Эуженио 27 (с пенальти – 0:1), Томасов 38 (0:2), Чогадзе 43 (1:2), Томасов 61 (1:3), Кобзарь 81 (2:3)
«Қызыл-Жар» (Петропавл) – «Каспий» (Ақтау) – 4:1 (2:0)
Голдар: Лобжанидзе 18 (1:0), Лобжанидзе 42 (2:0), Лобжанидзе 68 (3:0), Оспанов 80 (4:0), Ваганов 89 (4:1)