Теннис

Аружан Сағандықова Түркиядағы жарыстың ширек финалына өтті

Аружан Сағандықова Түркиядағы жарыстың ширек финалына өтті

Қазақстандық Аружан Сағындықова Анталия қаласында (Түркия) жүріп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің ширек финалына өтті.

17 жасар қазақстандық теннисші жекелей сында алғаш рет ересектер арасындағы жарыстың ширек финалына шығып отыр.

Аружан екінші айналымда швециялық Юлия Локвистті бет қаратпай ұтты – 6:3, 6:1. Аружан Сағындықова жартылай финалға шығу үшін ертең сербиялық Наталия Сенич немесе жапониялық Кохару Ниимидің біреуімен таласады.

Тағы бір қазақстандық Жанель Рүстемова екінші айналымда жарыстың 5-ракеткасы, ресейлік Анна Урекемен кездесті. Бірінші партияда ресейлік спортшы басымдылық танытты – 7:5. Екіншісінде Жанель есе қайырды – 6:4. Шешуші, үшінші сетте қазақстандық теннисші 0:4 есебімен ұтылып жатып, қатарынан үш гейм алды. Алайда, одан әріге шамасы жетпеді – 3:6.

Дегенмен, Рүстемова жұптық сында жарысты жалғастырады. Ол Сандуғаш Кенжебаевамен бірге ширек финалда тунистік Әл Зейнеб - ресейлік Мария Сысоевамен шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0