Пике 35 жасында мансабын аяқтады

Пике 35 жасында мансабын аяқтады

«Барселона» мен Испания құрамасының қорғаушысы Жерар Пике әлеуметтік желідегі парақшасында споршы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. 

35 жастағы футболшы спорттан кету туралы шешім қабылдағанын айтып, қоштасу видеосын жариялады. Ла Лиганың 13-туры аясындағы «Альмерияға» қарсы матч Пике үшін соңғысы болмақ. 

- «Барселона» қатарына қосылғалы бері 25 жыл өтті. Футбол мен «Барса" маған бәрін берді. Қазір балалық арманымның бәрі орындалған соң, сіздерге өз саяхатымды аяқтайтын уақыт болды дегім келеді. Сенбідегі матч мен үшін «Камп Ноудағы" соңғы кездесу болмақ. Кейін мен команданы қолдайтын қарапайым жанкүйер боламын. "Барсаға" деген махаббатымды балаларыма да беремін. Ерте ме, кеш пе ораламын. «Барселона" жасасын", - деп жазды Пике.

Жерар Пике - Испанияның 8 дүркін, Испания кубогінің 7 дүркін, Чемпиондар лигасының үш дүркін чемпионы. Испания сапында әлем және Еуропа чемпионы. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0