Зайнутдинов «Аталантаға» ауыспай ма? Ақпарат жоққа шығарылды

Зайнутдинов «Аталантаға» ауыспай ма? Ақпарат жоққа шығарылды

«Аталантаның» бас директоры Ли Конгертон клубтың ЦСКА жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновке деген қызығушылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «СЭ» сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Италия құрамасының скауттары 24 жастағы ойыншыны бақылап жүргені хабарланған болатын.

«Бізде Зайнутдиновке деген қызығушылық жоқ», - деп келтіреді Конгертонның сөзін Sport24.

Жартылай қорғаушы ЦСКА сапында 2020 жылдан бері ойнап келеді. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 3,5 миллион еуроға бағалайды.

Осы маусымда жартылай қорғаушы ЦСКА-да 16 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түспеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или