«Барселона» тағы бір антирекорд жасады

«Барселона» Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі барлық матчта гол жіберді. XXI ғасырда клубта мұндай болмаған, деп хабарлайды Prosports.kz.
Топтық кезеңдегі алты матчта «Барселона» 12 гол жіберген - оның бесеуін «Бавариядан», төртеуін «Интерден» және үшеуін «Викториядан».
Ал Испания чемпионатында «Барселона» қорғаныста сенімді ойнайды. Ла Лиганың 12 матчында Хави шәкірттері 4 гол ғана жіберген.
Айта кетейік, каталониялық клуб қатарынан екінші жыл Чемпиондар лигасының плэй-офф кезеңіне шыға алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или