Бокстан Азия чемпионаты басталмай жатып Қазақстан қоржынына үш медаль түсті

Бокстан Азия чемпионаты басталмай жатып Қазақстан қоржынына үш медаль түсті

Иордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионаты басталмай жатып Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Мадина Нұршаева (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) мен Лəззат Күнгейбаева (+81 келі) өз салмағында аз боксшы келгендіктен байрақты бәсекеде жарыс жолын жартылай финалдан бастамақ.

Осылайша, үш отандық боксшымыз кем дегенде қола медальға ие болады.

Айта кетейік, Бокстан XXXII Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

Ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды. Сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или