Бокс

Азия чемпионаты Қазақстанда көрсетілмейді

Азия чемпионаты Қазақстанда көрсетілмейді

Qazsport телеарнасы Амманда (Иордания) өтетін бокстан Азия чемпионатының трансляциясы туралы ресми мәлімдеме жасады.

- Иордания астанасы Амманда 1-12 қараша аралығында бокстан Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлық бәсекесіне Қазақстан атынан 25 спортшы (ерлер 13, қыздар 12) қатысады.

Аталған жарысты «Qazsport» телеарнасы көрермен назарына ұсынуды жоспарлағанымен, Азия бокс конфедерациясы мен жергілікті ұйымдастырушылар телевизиялық түсірілім жасамайтыны белгілі болды.

Дегенмен, Аммандағы турнирге «Qazsport» телеарнасының түсірілім тобы аттанып, шешуші жекпе-жектерден репортаж ұсынады, - деп жазды арнаның баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0