Голубев пен Недовесов Швейцариядағы жарыстың финалына шыға алмады

Голубев пен Недовесов Швейцариядағы жарыстың финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Базель (Швейцария) ATP 500 турнирінің финалына шыға алмады.<br /><br />Қазақстандық жұп жартылай финалда хорватиялық Иван Додиг – америкалық Остин Крайчекпен шеберлік байқасты. Бірінші партия барысында брейк жасаған хорватиялық-америкалық жұп таразы басын өздеріне аудара білді – 6:3. Осы жағдай екінші сетте де қайталанды – 6:4.

Жалпы, бұл дода Голубев пен Недовесов үшін табысты болды деуге болады. Олар өз спорттық жолында жұптық сында алғаш рет ATP 500 турнирінің жартылай финалына дейін жетті.

Сондай-ақ осы Швейцариядағы жарыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің тоғызыншы ракеткасы канадалық Феликс Оже-Альяссимге 2:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или