Алматыда үстел теннисінен Қазақстан кубогы басталды
Алматыдағы ADD үстел теннисі орталығында Қазақстан кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана, Алматы, Шымкент қаласы және облыс командалары шағын топта бақ сынап, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды жеңіліссіз келеді. Бұдан бөлек Алматы, Павлодар және Түркістан облысы да 1/2 финалға шығу мүмкіндігін жоғалытқан жоқ.
Әйелдер арасында Алматы, Астана, Қарағанды облыстары көш бастап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или