Мунгия Әлімханұлы нокаутпен жеңген боксшымен жекпе-жек өткізеді
Орта салмақтағы мексикалық боксшы Хайме Мунгия (40-0, 32 КО) 19 қарашада Гвадалахарада кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы боксшы аргентиналық Гонсало Кориямен (21-5, 8 КО) кездеседі, кездесу он раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, Гонсало Кория 2020 жылы 9 қазанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жек өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңілген.
Ал Хайме Мунгия Әлімханұлының орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атағына келесі міндетті үміткер. Бірақ бұл жекпе-жек өту үшін Жәнібек 12 қарашада британиялық Дензел Бентлиді, ал Мунгия 19 қарашада Корияны жеңуі керек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или