Қазақстан Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін Грузия құрамасымен ойнайды
Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіне өтетін плей-офф кезеңінің алғашқы ойынын Грузиямен өткізеді, деп жазады Prosports.kz.
С лигасында төрт топта бірінші орын алған командалар арасындағы үздік нәтижені Грузия көрсетті. Олар 16 ұпай жинады. Біздің жігіттер еншісінде 13 ұпай. Түріктер еншісінде де дәл осынша ұпай, әйткенмен Түркияның доп айырмашылық көрсеткіші Қазақстанмен салыстырғанда жоғары.
Екінші жұпты Грекия мен Түркия құрады.
Егер Грузия құрамасы Еуропа чемпионатына келесі жылы өтетін іріктеуден жолдама алып кетпесе, 2024 жылдың наурызында Қазақстан - Грузия матчына куә боламыз.
Айта кетейік, ойын 21 наурызда Бакуде өтеді.
Еске салайық, ең бірінші Ұлттар лигасында Грузия құрамасы Қазақстанды екі рет 2:1 және 2:0 есебімен ұтқан болатын.