«Үнемі бір адамдармен семсерлесесің». Қазақстандық бессайысшы Азия чемпионатындағы жүлдесіне қатысты пікір білдірді

Бессайыстан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Павел Ильяшенко Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Алматы облысында өткен Азия чемпионатының эстафета жарысындағы күміс жүлдесіне қатысты пікір білдіріп, маусымды қорытындылады.
- Азия чемпионатындағы өнеріңізді қалай бағалайсыз?
– Жалпы, жақсы жағынан бағалаймын. Жекелей турнирде семсерлесуден соңғы орындарда келе жатқан қарсыластармен көп ұпай жинау мүмкін болмады. Әлсізден жеңіліп, мықтыларды жеңдім. Психология тұрғысынан жекпе-жетерді дұрыс өткізбедім. Ал қалғаны жақсы.
- Эстафетадағы екінші орын туралы не айта аласыз?
- Бұған дейін бізде күміс болған жоқ. 2011 жылы Қазақстан құрамасында өнер көрсете бастағалы бері маусым сайын үшінші орынды иеленіп келдік. Бірақ мискте екінші болдық. Алайда ерлер эстафетасында бірінші рет екінші орын алдық. Бірінші немесе екінші болып келе жаттым. Қарсылас менен сегіз жас кіші. Ол жекелей сында өнер көрсеткен жоқ. Мәреге жақындағанда ауырсыну болды. Қол, аяқ, асқазан - бәрі ауырды. Мәреге жетпей жеңісті бердім деуге болады. Бірақ өзімді сынау, күйзеліс жағдайында дәл ату қызық болды және қолымнан келді. Алайда жүгіруде жеткіліксіз болды. Дегенмен, таудағой. Айқын басымдыққа ие болу үшін мұнда көбірек уақыт өткізу қажет болды. Корея құрамасы өз үйінде дайындалады және олардың мұндай дайындықпен қалай келгені белгісіз. Бірақ бізде әлі де допинг-бақылау жоқ. Бұл жерде де бір сұрақ бар, тауда жігіттер өздерін тым мықты сезінеді.
– Жалпы, маусымда қалай өнер көрсеттіңіз?
- Ұмтылатын нәрсе бар. Бапкерім жоспарлағандай, әлем чемпионатының бірінші кезеңінен-ақ оған өзімді жақсы көрсеттім, онда медаль алуға болатын еді, өйткені мен жақсы семсерлестім, атпен шаптым, бірінші болып жүгірдім. Мен өзімді жақсы сезіндім, бірақ ата алмадым, өйткені Алматыда манежде қысқы жағдайда дайындалдық. Тыныш ату, жел де жоқ, ауа райы да әсер етпейді. Сол жаққа барсақ күн, жел. Біз үнемі сыртта атамыз, бірақ манежде жаттығамыз. Лена Потапенкодан басқа командамыздың барлығы нашар атты. Бұл өте қатты әсер етті. Медальға алуға мүмкіндік болғанымен, атудан жеңілдім. Ал маусымның аяғына қарай мен бәрін түсіндім, сезіндім, жүзеге асыра алдым. Жүгіру мен жүзуден маусымдағы үздік нәтижені көрсеттім.
– Маусымда бас бапкер командада семсерлесу аздап нашар екенін айтты. Жағдайды түзедіңіздер ме?
– Бізде командада көп адам емес. Жаттығуда бес адам бар. Үнемі бір адамдармен семсерлесесің. Бәрін жаттап алдым. Негізінде мұндай семсерлесу маған жеткілікті болды. Былтыр Олимпиада алдында семсерлесуден көп дайындалдым. Күніне екі рет. Осы базаның арқасында биыл нәтижемізге қарамастан, осы маусымға жеткілікті болды.
- Бұл маусымның соңғы старты ма, әлде жыл соңына дейін тағы бір жарыс жоспарланған ба?
- Білмеймін. Көреміз. Мүмкін, ашық чемпионаттар болатын шығар. Мүмкін халықаралық стартқа қатысамыз. Бір жерге баруға мүмкіндік болса, қуана қатысар едім.
Фото: ҰОК