Бокс

Әлімханұлының промоутері Головкинмен өтуі мүмкін жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірді

Промоутер Боб Арум (Top Rank) орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру идеясына оң көзқараспен қарайтынын айтты. Алайда олар GGG-дің "қаржылық тәбетін" қанағаттандыра алатынына күмәнданып отыр.

Сонымен қатар Арум IBF нұсқасы бойынша бразилиялық Эскива Фалькаоның да Головкиннің әлеуетті қарсыластарының бірі екенін сөз етті.

 - Головкин бұдан әрі кіммен жұдырықтасады? Жәнібекпен немесе Фалькаомен? Бұл жекпе-жектерді оңай өткізуге болады. Бірақ оған біздің қалтамыз қалың емес. Бұл оның кінәсі емес, бірақ Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде шамамен 30 миллион доллар тапты. Осы жігіттердің қай қайсы болмасын (Әлімханұлы мен Фалькаомен) кездесу үшін GGG-ге алдыңғы айқасындай ақша төлемейді", - деді Арум Fighthype.com сайтына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, 18 қыркүйекте Геннадий Головкин мен мексикалық Саул Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-ға өтті.

Түпнұсқасы: aikyn.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0