Альварес пен Головкиннің үшінші жекпе-жегі 600 мыңнан аз ақылы қаралым жинаған

Альварес пен Головкиннің үшінші жекпе-жегі 600 мыңнан аз ақылы қаралым жинаған

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек ақылы көру саны бойынша ұйымдастырушылардың үмітін ақтай алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жекті көрсеткен стримингтік сервис DAZN 600 000-нан астам жазылым сатуды жоспарлағанмен, бұл көрсеткіш шамамен 550-575 мыңды құраған.

Еске салайық, қыркүйектің 17-нен 18-іне қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек болды. Мексикалық боксшы супер орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және WBO белбеулерін қорғады. Жекпе-жек барлығы 12 раундқа созылып, нәтижесінде Сауль Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или