Кирилл Герасименконың «Вердері» үстел теннисінен бундеслигада жеңіске жетті

Кирилл Герасименконың «Вердері» үстел теннисінен бундеслигада жеңіске жетті

Неміс бундеслигасының төртінші турында «Вердер» (Бремен) TTC (Фульда) қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі клубтың құрамында жақында Қазақстанның оңтүстік астанасында аяқталған WTT Сontender Almaty қатысушылары: турнир чемпионы Рувен Филус (ТТС), жұптық сында күміс жүлдегері Маттиас Фальк («Werder»), біздің құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименко («Werder»), Марсело Агирре («Werder») өнер көрсетті.

Бремендіктер матчты бір деммен өткізіп, 3:0 есебімен маңызды жеңіске жетті.

Маттиас Фальк-Александр Кассен 3:0 (11:3, 11:5, 11:4)

Марсело Агирре-Квадри Аруна 3:2 (11.8, 7:11, 7:11, 11:7, 11:8)

Кирилл Герасименко-Рубен Филус 3:0 (11:9, 11:6, 11:5).

Германия чемпионатының 12 клубы арасында «Werder» 5 орында.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или