Күрес

Мемлекет Дәулет Шабанбайға қола медаль үшін 65 000 АҚШ долларын төлейді

Мемлекет Дәулет Шабанбайға қола медаль үшін 65 000 АҚШ долларын төлейді

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Олимпия ойындарының жеңімпазы Дәулет Шабанбаймен кездесті. Ол еркін стильдегі қазақстандық палуанды лайықты марапаты – «Лондон-2012» қола медалімен құттықтады.

«Әділдік салтанат құрып, он жылдан кейін олжа боп оралған қола медаль баршамызға құтты болсын!»- деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, Дәулет Шабанбайға 65 000 АҚШ доллары көлемінде мемлекеттік сыйақы төлеу туралы шешім қабылданды. Бұрын ол 10 мың АҚШ долларын алған.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті допинг қолданғаны үшін Өзбекстан чемпионы Артур Таймазов пен Грузия чемпионы Давид Модзманашвилиді Олимпиададан шығару туралы шешім қабылдады. Олимпия ойындарының жүлделерін қайта бөлу нәтижесінде Дәулет Шабанбай қола медальға ие болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0