ESPN 25 жасқа дейінгі әлемнің үздік боксшыларының рейтингін ұсынды

ESPN сайтының сарапшылары 25 жасқа дейінгі әлемнің үздік боксшыларының рейтингін жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Тізімдегі бірінші орынды жеңіл салмақтағы сөзсіз әлем чемпионы Девин Хэни иеленді. Маусым айында 23 жастағы америкалық боксшы Джордж Камбососты ұтып, барлық белбеуді беліне таққан болатын.
Екінші орында әлем боксының жарқырап келе жатқан жұлдызы, WBC тұжырымы бойынша аса жеңіл салмақтағы чемпионы Джесси Родригес. Үздік үштікті жартылай орта салмақта жеңілмеген Вирджил Ортис түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или