Бокс

Қазақстандық «Панда» рингке қашан оралатыны белгілі болды

Қазақстандық «Панда» рингке қашан оралатыны белгілі болды

Бірінші ауыр салмақтағы«Панда» лақап атымен танымал қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (13-0, 11 КО) кейінгі жекпе-жегінен екі айдан аз уақыт өткен соң рингке оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының хабарлауынша, екібастұздық 28 жастағы спортшы 21 қазанда Орландода (Флорида, АҚШ) өтетін бокс кешіне өнер көрсетеді. Мұсаділов бірінші ауыр салмақта (200 фунт немесе 90,718 кг дейін)8 раундтық жекпе-жек өткізеді. Қарсыласының есімі кейінірек анықталады.

Еске салайық, 8 қыркүйекте Серік Мұсаділов Сантьяго-де-Толуда (Колумбия) жергілікті Мануэль Банкеспен (8-9-2, 5 КО) жұдырықтасып, екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Бұл Мұсаділов үшін ауыр салмақтағы (200 фунттан жоғары) бірінші жекпе-жек болды.

Фото instagram.com/serikmussadilov

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0