«Боксты түсінетін бүкіл қазақ халқын ренжітті». Виктор Демьяненко Головкин - «Канело» жекпе-жегі туралы пікірін айтты

«Боксты түсінетін бүкіл қазақ халқын ренжітті». Виктор Демьяненко Головкин - «Канело» жекпе-жегі туралы пікірін айтты

Бүгін таңертең АҚШ-та екінші орта салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңіліп қалды.

Бұрын танымал боксшы, Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында жекпе-жек туралы пікірін айтты.

– Гена бүкіл қазақ халқын ренжітті. Ешқандай агрессия және жеңіске деген ұмтылыс болған жоқ. Мен артық сын айтқым келмейді, бірақ, қалай болғанда да, мұндай жекпе-жек барысы, менің ойымша, ешкімге ұнамады. Халқымыз боксты түсінеді, қандай қарсылас болса да, Головкин ашылуы керек еді. Біз оның ең жақсы қасиеттерін білеміз, оның үстіне мен оның жекпе-жек алдындағы жаттығуларын көргенде, маған GGG-дің моторикасы өсіп, трилогияның үздігі болатын сияқты көрінді. Кем дегенде, мен оған толық сенімді болдым.

- Жекпе-жек неліктен осылай өтті деп ойлайсыз?

- Мен бір нәрсені айтқым келеді. Головкин рингке шықпас бұрын Бивол-Канело жекпе-жегін тағы да көруі керек еді. Егер ол ресейлік қолданған тактиканың ең болмағанда бір бөлігін қолданса, Альваресті оңай жеңер еді.

- Альварес жекпе-жек алдында айтқан сөздерін ақтай алмады. Мексикалық сізді таңғалдырды ма?

- «Канелоға» агрессив түрде барсаң, ол ашылады. Бұл жағдайда Головкин онымен жұдырықтасып, жеңіске жетуі керек еді. Соған қарамастан, Геннадий күтті, арты-артынан төпелеп соққы жасамады, агрессиясы болмады, бұл өте ренжітті.

– Яғни, қазақстандық боксшы маңызды жекпе-жекте өзінің әлеуетін ашқан жоқ па?

- Әрине. Біз оның жаттығуларынан көп соққы жасайтын боксшы екенін көрдік. Жекпе-жекте оның кемшіліктері көп болды.

– Головкин күш-қуаты бүкіл жекпе-жекке жетпейді деп қорыққан шығар?

– Қазір кез келген нәрсе айтуға болады: жастың әсері, бүкіл жекпе-жекке күші жетпейді деп қорқу - бірақ мұның бәрі себеп емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или