Қазақстан Ұлттар лигасына дайындығын Астанада өткізеді

Қазақстан Ұлттар лигасына дайындығын Астанада өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінде Беларусь және Әзербайжан құрамаларымен өтетін шешуші ойындарға дайындықты бастады.

Магомед Адиев командасының алғашқы жаттығуы «Астана Арена» стадионында өтті.

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын толық құраммен бастаған жоқ. Юрий Логвиненко, Ян Вороговский, Бақтиер Зайнутдинов, Нұралы Әліп және Марат Быстров команда қатарына алдағы күндері қосылады.

Біздің құрама алғашқы ойынын 22 қыркүйекте Беларусь футболшыларымен өткізеді. Ойын «Астана Аренада» елорда уақытымен 20:00-де басталады. Үш күннен соң Магомед Адиев топтық кезеңнің соңғы ойынын Әзербайман ойнайды, Матч Баку қаласындағы «Далга Арена» стадионында жоспарланған. Кездесудің басталу уақыты - 22:00.

Түпнұсқасы: kff.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0