АПЛ-да айдың үздік бапкері анықталды

Микель Артета АПЛ-да айдың үздік бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
40 жастағы маманның жетекшілігімен «Арсенал» Премьер-лигада тамыз айында өткен бес кездесудің бәрінде жеңіске жетті.
Айдың үздік бапкері жүлдесіне үміткерлер қатарында Пеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Грэм Поттер («Брайтон»), Антонио Конте («Тоттенхэм») және Марко Силва («Фулхэм») болды.
Артета үшінші рет Премьер-Лигадағы айдың үздік бапкері атағын иеленді. Ол бұған дейін жүлдені 2021 жылдың қыркүйегінде және 2022 жылдың наурызында алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или