ҚФФ мен «Фридом Финанс» АҚ серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

ҚФФ мен «Фридом Финанс» АҚ серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

Серіктестік балалар-жасөспірімдер мен бұқаралық футболды, сонымен қатар футбол инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділет Барменқұлов пен «Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды. 

Меморандум аясында балалар мен жасөспірімдер жарыстарын дамытып, деңгейін арттыруға бағытталған ортақ жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

Келісімнің негізгі бөлігі  – «Фридом Финанс» АҚ қолдауымен Қазақстанның кәсіпқой жастар лигасын құру. 

Сонымен қатар меморандум аймақтарда әуесқой футболдан жаттығулар мен жарыстар өткізетін футбол алаңдарының құрылысын салу туралы өзара серіктестікті қарастырады. 

«Біздің серіктестіктің маңызды бағыты еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін қазақстандық футбол арқылы шешуде екі тараптың әлеуетін пайдалану болмақ. Біздің ортақ жобаларымыз футболмен айналысатын жастармен жұмысқа бағытталады. Әуесқой футболды дамыту кәсіпқой футболшылардың базасын қалыптастырып қана қоймай, еліміздегі футбол бизнес-индустриясының басты кепіліне айналмақ», - деді ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов. 

«Бүгінгі Қазақстан – болашағы зор мемлекет. Біздің елде жыл сайын 400 000 бала дүниеге келеді. Белсенді жастардың қоғамы қалыптасқан. Барша әлемде спорт ұлт денсаулығының негізгі кепілі, тұрақты даму мен әлеуметтік баспалдақ саналады. Футбол - ең танымал бұқаралық әрі қол жетімді спорт түрі. Бүгін жасөспірімдер футболын қолдау арқылы еліміздің жарқын болашағына, жас әрі талантты азаматтарымызға және ұлттық спорттық жетістіктерімізге үлес қосамыз.  Еңбек пен талант Жаңа Қазақстанға жол ашады деп сенемін. Жас ұрпақ өз елінде барлық мүмкіндікке қол жеткізе алатынын түсінгені абзал», - деп атап өтті «Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов.

«Фридом Финанс» АҚ халықаралық Freedom Holding Corp. инвестициялық тобына кіреді. Freedom Holding Corp. - қаржылық қызметті, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестициялық-банктік, андеррайтингтік және сақтандыру қызметтерін еншілес компаниялар арқылы жүргізетін холдинг. Компания KASE, MOEX, SPB, UZSE, UX, AIX кәсіби қатысушысы саналады. Компанияның бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Компанияның Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Кипр, Ұлыбритания, Грекия, Испания, Франция, Германия және Біріккен Араб Әмірліктерінде филиалдары бар. Холдингтің қарапайым акциялары Nasdaq Capital Market-те сатылады.

Түпнұсқасы: kff.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0