Димаш Құдайберген Головкин – «Канело» жекпе-жегіне барады

Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек алдында Димаш Құдайберген рингте Қазақстан әнұранын шырқайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы отандық басылымдар жарыса жазып жатыр. Күміс көмей әнші «Канелоға» қарсы үшінші жекпе-жекте отандасы Геннадий Головкинге қолдау білдіру үшін АҚШ-қа аттанып отыр.
Айта кетейік, Головкин – «Канело» трилогиясы елорда уақытымен 18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста өтеді.
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или