«Астана» – «Тобыл» және «Ақтөбе» – «Тараз» матчтарының тікелей трансляциясы

«Астана» – «Тобыл» және «Ақтөбе» – «Тараз» матчтарының тікелей трансляциясы

14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Ақтөбеде көш бастап тұрған үштіктің командалары қатысатын матчтар футболдан Қазақстан чемпионатының 20-шы турының бағдарламасын ашады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орында тұрған «Астана» өзінің бір саты төмен тұрған қостанайлық «Тобылды» қабылдайды.

«Астана» - «Тобыл» кездесуі Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция осы СІЛТЕМЕ қолжетімді болады.

Ел біріншілігінің көшбасшысы «Ақтөбе» өз алаңында «Таразбен» ойнайды. «Ақтөбе» - «Тараз» кездесуі Қазақстан астанасының уақыты бойынша 21:00-де (Ақтөбе уақытымен 20:00) басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0