Дэвис кубогындағы Қазақстан - Нидерланды матчының тікелей трансляциясы

Бүгін Глазгода Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогы-2022 финалдық турнирі аясында топтан шығу үшін жарыс жолын бастайды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Алғашқы матчта Александр Бублик пен оның командасы Голландия құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, командалар бұған дейін екі рет кездескен. 2020 жылғы ширек финалда қазақстандықтар қарсыласын 3:1 есебімен жеңген. Бұдан бір жыл бұрын финалдық турнирде де біздің жігіттер 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Ойын күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Қарсыластардың жұптары әлі анықталған жоқ. Тікелей трансляция сағат 1:00-де (14 қыркүйек) басталады. Оны Qazsport арнасынан немесе мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Фото: Андрей Ударцев
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или