Маки Баньяк: Қай кезде, қай тұста қауіп туғызу керегін білдік

«Қайрат» ФК қорғаушысы Маки Баньяк клубтың баспасөз қызметіне «Тұранға» қарсы матч жайлы және жарақаты туралы айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Апта бойы «Тұранға» қарсы матчқа дайындалдық. Қарсыласымызды зерттеп, олардың әлсіз түсін таптық. Қай кезде, қай тұста қауіп туғызу керегін біліп, оны сәтті қолдана алдық. Бұған үзіліске дейінгі есеп дәлел.

Жарақаттан айығу жайына келсек, алғашқы 20 минут 3 апта бойы ойын тәжірибесі болмағандықтан қиынға түсті. Бірақ 20 минуттан кейін өзімді жақсы сезіне бастадым.

Әлі күнге дейін секіргенде не допты тепкенде кішігірім жайсыздық бар. Бірақ бұл маңызды емес. Командадағы әріптестеріммен бірге соңына дейін күресемін. Әлі тосынсый жасай алатынымызға сенімдімін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или