Александр Бублик: Ұлттық құрама үшін барымызды саламыз

Александр Бублик: Ұлттық құрама үшін барымызды саламыз

Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Дэвис кубогы топтық кезеңі алдында ойын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан ойнайтын D тобына өте мықты командалар түскен.

«Финалдық кезеңде өнер көрсететін 16 құраманың қай-қайсысы да осал емес. Біздің күшті топқа түскеніміз, бір жағынан, жақсы. Өйткені мұқиятырақ боламыз, намысты қолдан бермесіміз анық. Теннисте фавориттер әдетте жеңіске жетеді. Алайда Дэвис кубогының өз ерекшелігі бар, мұнда бәрі рейтингке байланысты емес. Біз ұлттық құрамаға әрдайым жеңіс үшін келеміз. Сондықтан Нидерланд, АҚШ және Ұлыбританиямен өтетін матчтарда барымызды саламыз», деді Бублик.

Қарсылас командалар құрамында бірқатар өзгерістер болды: US Open турнирінің жартылай финалисі Фрэнсис Тиафо АҚШ-қа көмектесе алмайды.

Қазақстан бірінші кездесуін Нидерландпен 13 қыркүйек күні өткізеді. Матч елорда уақытымен сағат 21.00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или