Срджан Благоевич: Қорғаныста сауатты ойнауға тырыстық

Срджан Благоевич: Қорғаныста сауатты ойнауға тырыстық

«Астананың» бас бапкері Срджан Благоевич Ақтауда өткен кездесуді қорытындылады.

– Мен ойын алдында бұл біздің сырт алаңдағы ең қиын кездесу болатынын айттым. Бұған дейін біз қонақтағы матчтарда тек екі рет жеңген болатынбыз, осы жолы үшінші жеңіске деген ниетіміз өте жоғары болды. «Каспий» – жақсы команда, сол себепті оларға қарсы әдеттегі ойынымыздың жүрмейтінін түсіндік. Қорғаныста сауатты ойнап, кей сәттерде өз пайдамыз үшін жұмыстануға тырыстық.

Алғашқы таймда тереземіз тең дәрежеде болдық. Абырой болғанда бірінші голды соғу бізге бұйырды. Екінші таймда қорғаушының артындағы бос кеңістікті жиі пайдалана отырып, қорғанысты тұсап ұстадық. Кей жерлерде одан да ірі есеп болуы мүмкін еді, дегенмен бастысы қажетті үш ұпайды иелендік. Енді бізді 4 күннен кейін «Тобылға» қарсы ойын күтіп тұр, қалыпқа келіп, матчқа дайындалу керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0