Рохус Шох: «Қайраттың» жұмысы қазақстандық клубтар үшін үлгі бола алады

Рохус Шох: «Қайраттың» жұмысы қазақстандық клубтар үшін үлгі бола алады

ҚКФЛ президенті Алматыға жұмыс сапарымен барып, «Қайрат» футбол клубының инфрақұрылымы және жұмысымен танысты.

«Алматыға сапарым мен үшін өте әсерлі өтті, өйткені бұл қалада тұрдым, футбол тұрғысынан көп нәрсе байланыстырады. 80-ші жылдардағы «Қайрат» сол кездегі ең жарқын сәт. Орталық стадион, клубтың ескі базасына бару әсерлі болды. 

Стадионда Сейілдә Байшақов, Ваит Талгаев, Михаил Гурман, Дмитрий Огай, Құралбек Ордабаев секілді Қазақстан футболы мен «Қайраттың» ардагерлерімен кездесіп, әңгіме-дүкен құрдық. «Қазақстан футболының алтын қоры» акциясын қолдап, жылы лебіздерін білдірді. Олар үшін Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының көңілі өте маңызды.

Т.С.Сегізбаев атындағы академияны, клубтың жаңа базасын көру мүмкіндігі тиді. Бұл расында Еуропа деңгейі!

Қазақстанда мұндай инфрақұрылым барына құдайға шүкір. Ол елдегі футболдың дамуына бір жағынан серпін беріп, екінші жағынан үлгі болады. Өкінішке қарай, мұндай база саусақпен санарлықтай. Алматыдан бөлек Шымкенттегі «БИІК» базасын айтуға болады. Осындай академиялар ең жоқ дегенде облыс орталықтары мен Республика деңгейіндегі қалаларда болу қажет. 

Академияның сапалы жүйелі жұмысы мен заманауи инфрақұрылымы «Қайраттың» уақытысында таңдаған даму жолының дұрыс екенін көрсетеді. Осының бәрі нәтижесін беруде. Алматылық клуб үшін қиын уақытта өз шәкірттерімен ойнап қана қоймай, бәсекеге қабілеттігін жоғалтпады. Әрине, еурокубокта ойнау үшін, чемпионатта жоғары нәтиже көрсету үшін сапалы шетелдік ойыншылар қажет. Өйткені соларға қарап біздің жас футболшыларымыз деңгейін көтереді. 

Бірақ осындай жағдайда «Қайраттың» менеджменті өте кәсіби жұмыс істеді. Бұл істе Асқар Есімов және оның командасын атап өткім келеді. Қазір «Қайрат» өте үлкен жұмыс атқарып жатыр. Сапалы трансферлік жұмыстың арқасында табыс та тапты, шығынды да азайтты. Сондай-ақ жеке демеушілерді тарту бағытында үлкен жұмыс атқаруда.  Мұның бәрі клубқа өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда клубтың менеджменті өзге қазақстандық клубтар үшін үлгі бола алады. Сәттілік тілеймін! 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0