Президент Алан Құрманғалиевті тарихи медалімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы 15 жасар қазақстандық Алан Құрманғалиевті Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алуымен құттықтады.
Бұл жетістіктің отандық спорт үшін тарихи маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысы Аланға көрсеткен шеберлігі үшін алғыс айтып, оған болашақта жаңа жарқын жеңістер тіледі.
Алан Құрманғалиев Қазақстан Үстел теннисі тарихында Азия чемпионатының медалін жеңіп алған алғашқы спортшы болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или