Екі дүркін Олимпиада чемпионы Борис Лагутин қайтыс болды

Бокстан екі дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін КСРО чемпионы Борис Лагутин 4 қыркүйекте 85 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Ресей бокс федерациясының ресми сайты мәлімдеді.
«Ресей бокс федерациясы Борис Николаевичтің отбасына, достарына және оны құрмет тұтатын барша жанкүйеріне шын жүректен көңіл айтады», - делінген хабарламада.
Лагутин 1964 және 1968 жылғы Олимпиадада 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанса, 1960 жылғы ойындарда қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ Еуропа чемпионатында екі алтын медаль (1961, 1963) алған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или