ГЛАВНАЯ
Әлиева: Құрманғалиев Азияның үздік жас теннисшілерінің бірі екенін көрсетті
Әлиева: Құрманғалиев Азияның үздік жас теннисшілерінің бірі екенін көрсетті

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алды.
Ол Азия чемпионатынан марапатталған алғашқы Қазақстандық болды. Сұхбатта команданың бас бапкері Эльмира Әлиева табысқа қатысты пікір білдірді.
"Бұл біздің ортақ жеңісіміз! Республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазинге, Қарағанды облыстық федерациясының президенті Жеңіс Қасымбекке біз құрмет, марапатпен үйге оралып, болашақта жаңа жетістіктерге жетуімізге көрсеткен жан-жақты қолдауы үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Чемпионат барысында Алан жақсы ойнады, жарқын жеңістерге қол жеткізді және Азияның үздік жас теннисшілерінің бірі екенін дәлелдеді",- деді Әлиева.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или